Лабораториялық диагностика әдістері

Серологиялық диагностика. Зерттеу барысында не 4 реттік антидене титірінің өспесі, не біріншілік инфекцияның болуын растайтын IgG класс антиденелері анықталады.

Қазіргі кезде иммуноферментті талдаудың(ИФТ) жоғары сезімтал және спецификалық әдістері кеңінен қолданады. ИФТ-ң тест жүйесін қолдану канн сарысуындағы қарапайым герпес вирусына, цитомегаловирусқа, токсоплазмаға, хламидияға, В гепатит вирусына IgM, IgG класстарының спецификалық антиденелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Серодиагностика әдісі ұрық және нәресте кан сарысуындағы спецификалық антиденелерді анықтауда қолданылады. Оның үстіне IgM-ді анықтау инфекцияға ұрық пен нәрестенің өзіндік реакциясын көрсеткенімен, IgG класс антиденесінің анықталуы диагностикалық ақпарат бермей, олардың плацента арқылы анасының ағзасынан берілуінің салдары болуы мүмкін.

Егер өмірінің алғашқы айында анасы мен баласының қанын бір мезетте зерттесе ,IgG класс антиденелерінің анықталуы ақпаратты болуы мумкін, себебі IgG класс антиденелер титрі балада анасына қарағанда төмен болса , ол балада туа пайда болған инфекцияның жоқтығын білдіреді. Екіншіден, жоғарыдағы себептен туа пайда болған инфекция жоқтығын балада өмірінің бірінші айында аналық IgG класс антиденелер титірінің екі есе азаюы көрсетеді.

Иммунохимиялық әдістер. Иммунофлюоресцентті талдау – құрамына флюересцирлейтын белгілер енетін индикаторлық антиденелер кіретін иммунохимиялық әдістер жиынтығы. Чувствительность иммунофлюоресцентті талдау сезімталдығы 90-95%, спецификалылығы 98%. Үлгіде тіршілікке қабілетті кезекті жауап беретін антигендері бар бактерия мен вирустар болғанда дұрыс емес оң нәтиже шығады. Тұқымдық және түрлік спецификалық моноклональды антиденелерді пайдалану бұл мәселені шешуге көмектеседі (Хламоноскрин-1 жүйесінің сынамасы, Ниармедик 2 фирмасы).

Клиникалық үлгілерді зерттегенде иммунофлюоресцентті және ИФТ әдістерінің спецификалылығы дұрыс емес оң нәтиже беретін әр түрлі контаминанттар әсерінен төмендейді.



Молекулярно-биологиялық әдістер. Әр түрлі инфекциялық агенттермен шақырылатын аурулардың дұрыс және уақытылы емделуінде дұрыс диагноз қоюдың маңызы зор. Бұл мәселені шешу үшін кейіңгі кездері молекулярлы биологияның жаңа заманғы әдістері қолданылады.

Клиникалық үлгілерде геномдарды анықтаужоғары сезімтал әрі спецификалық және кеінгі жылдары құрсақішілік инфекцциялардың экспресс- диагностикасы үшін кеңінен қолданылып келеді. Геномдарды дәстүрлі анықтау әдісі нуклеин қышқылдарының молекулалық гибридизациясы болып табылады. Әдіс сезімталдығы ИФТ сезімталдығынан айтарлықтай жоғары және үлгіде жуық шамамен 1 пкг (1012 г.) нуклеин қышқылдарын анықтауға мүмкіндік береді. Соңғы кездері инфекциялы аурулардың лабораторлы диагностикасындағы болашағы зор әдістердің бірі инфекция агенттері геномын полимераза тізбектік реакция арқылы анықтау болып табылады. Бұл әдіс құрсақішілік инфекцияларды анықтауда кеңінен қолданылуда.

ПТР әдісі инфекциялық агент геномының бір фрагментін тез және нәтижелі көбейтіп , оның детекциясын едәуір жеңілдетеді. Уровень амплификация деңгейі шамамен 109 -1012 құрайды. Қазіргі кезде нуклеин қышқылдарының полимераза тізбектік реакция арқылы амплификациясы практикалық медицинада кеңінен қолданылады. Инфекциялық агент геномын ПТР арқылы бөліп алу- инфекциялық аурулар диагностикасының ең ақпаратты әдісі.


5556959978803341.html
5556996689655747.html
    PR.RU™